Ақтаулық спортшы Ильдар Ягьяев осыдан екі жыл бұрын Ұлыбританияға жұмыс істеуге кеткен болатын. Жақында ол аталмыш елден саяси баспана сұрады. Бұл туралы Lada.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Спортшының айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұр.
«Менің өміріме қауіп төніп тұр, Қазақстаннан мені қорқытып жатқандар бар.Бәрі шілде айындағы интервьюден басталды, онда белгілі спортшының Англияда капуста теріп жүргені туралы айтылған. Содан кейін маған әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалушылар көбейді, жұмысқа және үйіме белгісіз адамдар іздеп келе бастады», – дейді Ильдар.
Ол екі жыл ішінде Англияда бірнеше жұмыс ауыстырғанын айтты. Алғашында егіс алқабында еңбектенген.
«Футбол матчтарында стюард болдым, «Макдональдс»-те жұмыс істедім. Заңсыз жүргендіктен дұрыс жұмыс табу қиын. Саяси баспана алған соң жағдай түзелер деп үміттенемін. Мен Қазақстанда жедел тамақтану желісінде директор болғанмын», – дейді Ильдар Ягьяев.
Айта кетсек, Ақтаулық спортшы турникке тартылудан әлемнің жеті дүркін чемпионы және Гиннестің рекордтар кітабына есімі жазылған.