Қарағанды қаласының Майқұдық шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде көршілер арасында жанжал шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тұрғындардың айтуынша, олар спортшы Данияр Елеусіновтың жарының шабуылына ұшыраған.
Алайда әйел жағдайды тұрмыстық кикілжің ретінде бағалайды.
Спортшының жұбайы күш көрсетті деген арызданушылардың бірі:
"Ол алдымен балағат сөз айтып, кейін мені ішімнен ұрып, шашымнан жұлды. Шынын айтқанда, жанжалдың неден басталғанын өзіміз де түсінбей қалдық", — деді.
Данияр Елеусіновтің жұбайы болса, бұл жағдайды өзінен тәуелсіз, тұрмыстық сипаттағы дау деп санайды. Оның айтуынша, жанжал егде жастағы туысына қатысты айтылған сөздерден кейін туындаған, ал жағдайды әдейі ушықтырған деп ойлайды.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Ведомство мәлімдегендей, жәбірленушілер денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамадан өтіп, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сараптама қорытындысы шыққан соң заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
