"Есірткі беріп, зорлаған". Павлодарда футбол клубының бапкері сотталды

1200
Adyrna.kz Telegram
Сурет: smi24.kz
Сурет: smi24.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Күдікті "кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау" және "кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу" баптары бойынша айыпталды.

Сот отырысы жабық өтті. Ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болады.

Соттың мәліметінше, зорлық-зомбылық құрбаны 11 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Қылмыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған.

"Сотталушы К алдау арқылы 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қонақүйге әкеліп, оны қонақүй әкімшісіне өзінің қарындасы ретінде таныстырып, бір бөлмеге орналасып, одан кейін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Барлық дәлелдер бар. Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар. Сондықтан сотта бұл қылмысты күдіктінің жасағанына еш күмән болған жоқ", – деді судья.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер