"Есірткі беріп, зорлаған". Павлодарда футбол клубының бапкері сотталды

1999
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/photo-output-6-960x500.jpeg?token=aeceaebcdd2c9a16c275c1da81d842ef
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балалар футбол клубының 31 жастағы бапкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Күдікті "кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау" және "кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу" баптары бойынша айыпталды. Сот отырысы жабық өтті. Ер адам кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейтін болады. Соттың мәліметінше, зорлық-зомбылық құрбаны 11 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Қылмыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. "Сотталушы К алдау арқылы 2013 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қонақүйге әкеліп, оны қонақүй әкімшісіне өзінің қарындасы ретінде таныстырып, бір бөлмеге орналасып, одан кейін сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Барлық дәлелдер бар. Олардың баламен бірге кіріп, кейін шығып бара жатқаны түсірілген видеолар бар. Сондықтан сотта бұл қылмысты күдіктінің жасағанына еш күмән болған жоқ", – деді судья.
댓글
기타 기사