Сот пикетке шыққан Ақторғын Ақкенжебаласына айыппұл салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Белсенді Ақторғын Ақкенжебаласына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол теңгемен 196,6 мың теңгені құрайды.
Белсенді Ақторғын Темірлан Еңсебектің сотталуына наразы болып, жалғыз пикетке шыққан болатын. Салдарынан 1 сағатқа жетпестен белсендіні полиция қызметкерлері оны алып кетті.
Мұның алдында да бірнеше адам бөлек-бөлек жалғыз адамдың пикетке шыққан. Олар 15 тәулікке қмалған.
Айта кетейік, 19 қаңтарда QazNews24 қоғамдық парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы - әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздық қоздыру бойынша іс қозғалған.
Ұқсас жаңалықтар
“Кешірім сұраған видеоларынан шынайылықты көрмедім”: Белсенді Chocolife компаниясының директорын жауапқа тартуды талап етті
«Мотоцикл, скутері көп елдің экономикасы жақсы емес деген сөз». Күнде көбейген апаттың ақыры не болмақ?