1 желтоқсаннан бастап. Енді қысқы шинасыз көлік айыппұл арқалайды

1158
Adyrna.kz Telegram

1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналарсыз жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлыс медиаға сілтеп.

Қазақстанда күнтізбелік қыстың басталуымен барлық көлік иелеріне көліктерінің дөңгелектерін қысқы шинаға ауыстыру міндеттеледі. Бұл талапты орындамағандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаевтың айтуынша, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында қысқы шиналарсыз көлік жүргізуге тыйым салынады.

Егер 1 желтоқсаннан кейін көлікке қысқы шиналар қойылмаса, 5 айлық есептік көрсеткіш (18,4 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Егер бұл ереже қайта бұзылса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке (73,8 мың теңге) дейін өседі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-тармағына сәйкес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін көлік құралын басқару айыппұл салуға негіз болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер