Назарбаев әуежайында кісен дайын ба? БҰҰ Қазақстанға Рим статутын мақұлдауды ұсынды

1813
Adyrna.kz Telegram
Фото: Кремль баспасөз хатшысы
Фото: Кремль баспасөз хатшысы

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Қазақстанға Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) Рим статутын ратификациялауды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл ұсыныс БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына Қазақстан бойынша жұмыс тобы дайындаған баяндамада айтылған.

Рим статуты – Халықаралық қылмыстық соттың адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар, геноцид және агрессия секілді ауыр қылмыстар бойынша юрисдикциясын реттейтін халықаралық келісім. Бұл құжатқа қол қойған елдер оның талаптарын орындауға және сотпен ынтымақтастық жасауға міндеттеледі.

Егер Қазақстан Рим статутын ратификацияласа, оның нормаларына сәйкес, Ресей президенті Владимир Путин ел аумағына келген жағдайда қамауға алынып, Гаагадағы сотқа тапсырылуы тиіс. Бұл талап ХҚС-тың 2023 жылдың наурызында Ресей басшысына шығарған тұтқындау ордеріне негізделген. ХҚС шешімдеріне мемлекет басшыларының иммунитеті жүрмейді. Ал статутты бұзу халықаралық санкцияларға әкелуі мүмкін.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Қазақстанда адам құқықтарын бұзған кінәлілердің жауапсыз қалу мәселесін көтерді. Дегенмен, баяндамада оң өзгерістер де атап өтілген. Қазақстан билігі ұсыныстардың бірқатарын орындап, адам құқықтарын қорғау саласында ілгерілеу жасағаны белгілі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер