Жасұлан Дүйсембинге Украина азаматтығын беру туралы петиция жарияланды

2941
Adyrna.kz Telegram

Украина үшін соғысып жүрген Жасұлан Дүйсембинге азаматтық беру туралы Владимир Зеленскийдің атына онлайн петиция жарияланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Украина қарулы күштерінің құрамында Украинаны қорғап жүрген қазақ Жасұлан Дүйсембинге азаматтық беруіңізді сұраймын. Ол қолына қару алып, біздің елімізді шабуылға дейін де қорғады. Жасұлан 2015 жылдан бері Украинада тұрады. Украиналық әйелі және біздің мемлекет аумағында туған екі баласы бар. Азаматтығы жоқ болса да, ол 2021 жылдың күзінде майданға аттанды. Талай шайқастарды бастан өткерді. Новотроицк, Бугас, Вольноваха, Владимировка үшін басын бәйгеге тігіп, шайқасты. Осы уақыт аралығында талай батырлар қаза тауып, Жасұлан жараланып, емделгеннен кейін қайтадан майданға оралады. ІІІ дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған. Жасұлан Украина азаматтығын алғысы келеді, Қазақстанда ол жалдамалы, саяси себептермен қуғынға ұшырайды. Донбасстағы шайқастардың бірінде оның төлқұжаты өртеніп кеткен, Мемлекеттік көші-қон қызметі оған Украина азаматтығын беруден бас тартып отыр", - деп жазды петиция авторы, украин журналисі Сергей Пейчев.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер