Иран әскері АҚШ пен Израильмен жағдай ушыға қалған жағдайда әскери дайындықты бастады. Әскерилер «Хорремшехр-4» гипердыбыстық зымырандарын жер асты ұшыру қондырғыларына орналастырды. Бұл туралы деп Fars агенттігі Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) дереккөзіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Иран Қарулы күштері «Хорремшехр-4» гипердыбыстық баллистикалық зымырандарын жер асты бункерлеріне алғаш рет орналастырды.
Дереккөз мәліметінше, зымыран атмосферадан тыс кеңістікте 16 Махқа дейін, ал атмосфера ішінде шамамен 8 Махқа дейінгі жылдамдыққа ие. Оның ұшу қашықтығы шамамен 2 мың км, әрі Израиль аумағына 10 минутта жете алады.
Айта кетейік, өткен жазда Израиль әскері «Хорремшехр-4» сақталған қоймаларға соққы жасаған. Кейін Иран билігі бұл шабуылдардан соң елдің зымырандық әлеуеті қалпына келтірілгенін мәлімдеген.
Біз бірге болсақ, әлем қауіпсіздеу болады. Сіздердің бір елдеріңізде бәлкім, таяуда болатын кездесуді асыға күтемін.
