Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды ма?

177
Adyrna.kz Telegram
Сурет: orda.kz
Сурет: orda.kz

Қазақстанның ІІМ Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлаған болатын. Бірақ кейінірек тағы сегіз қылмыстық іс тіркелді, сондықтан сотқа дейінгі тергеу жалғасты. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Алматы облысының полиция департаменті Талғар қаласында адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау фактілері бойынша сегіз қылмыстық іс тіркелді.Іс бойынша 11 айыпталушыға қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", — деп жауап берді ҚР ІІМ баспасөз қызметі ҚазАқпараттың 2025 жылғы 10 қаңтардағы сауалына.

Еске салсақ, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда жаппай төбелес болып, оның барысында 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қайтыс болған еді. Қоғамдық резонанс тудырған жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша 11 күдікті қамауға алынды.

2025 жылдың 3 қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев Шерзат Полаттың өлтірілуі туралы айтты. Президент "тергеу әрекеттері аяқталды, жақын арада бұл іс бойынша сот процесі өтетінін" мәлімдеді.

Пікірлер