Түркия Сириядағы күрд содырларына қарсы әскери операцияға дайындалуда

344
Adyrna.kz Telegram

Түркия Сириядағы күрд содырларына қарсы әскери операцияға дайындалуда. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Hürriyet басылымына сілтеме жасап.

Түркияның сыртқы істер министрінің айтуынша, Сирия үкіметімен бірлесе отырып, Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП) содырлары талаптарды орындамаған жағдайда ауқымды әскери операция сөзсіз жүзеге асады.

Талаптардың қатарына қару – жарақты тапсыру, Сирияны басқаруға араласуды тоқтату, сондай-ақ, аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал етуі мүмкін батыс елдерінің қолдауынан бас тарту жатады.

Министрдің пікірінше, батыс елдері аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал етіп отыр.

Түрік тарапы операцияның басты мақсаты – Сирияның шекаралас аймақтарында белсенді әрекет ететін КЖП тарапынан төнетін қауіп-қатерді жою екенін атап өтті. Сонымен қатар, Анкара бұған дейін аймақты тұрақтандыруға бағытталған әрекеттер КЖП-ның әрі қарай өмір сүруіне жағдай жасамауы керек деп санайды.

Хакан Фидан сондай-ақ содырларға ультиматум берілгенін хабарлады. Ультиматум шарттарына сәйкес, олар Сирия аумағынан кетуі тиіс. Ал қалғандарына қаруын тастап, жаңа сириялық мемлекеттік құрылыммен ынтымақтасу ұсынылады.

Анкара мен Дамасканың бірлескен операциясын бастауға қандай батыс елдерінің әрекеттері «себеп болуы» мүмкін екені әзірге белгісіз. Алайда сарапшылар Түркия мен Сирияның осы мәселедегі ынтымақтастығы Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайды өзгертетін маңызды факторға айналуы мүмкін екенін айтуда.

Пікірлер