Қазақстандық туристер мінген автобус жүк көлігіне соғылды

2526
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық туристер Түркияда апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” Түркияның ntv басылымына сілтей отырып.

Хабарлама бойынша апат орнына полиция қызметкерлері мен медициналық топтар жіберілді.

Оқиға орнында жүргізуші мен украиндық гид қайтыс болғаны анықталды.

Оқиға орнында 12 туристің 6-ы ауыр жарақат алған. Олар Алания және Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілді.

Оқиға орнында тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.
Әзірге қазақстандық туристердің жағдайы белгісіз.

Пікірлер