2025 жылы "КСРО қайта құрылады" деген Дума депутаты дәлелін айтпады

684
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Евгений Разумный / Ведомости
Сурет: Евгений Разумный / Ведомости

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Вассерман 2025 жылы КСРО қайта құрылуы мүмкін  деп санайды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол журналистерге берген сұқбатында отарлық империялар ыдырайтынын, бірақ Ресей сынды алып мемлекеттердің қалпына келуі мүмкін екенін мәлімдеді. Депутат мұны неге сүйеніп айтып айтып отырғанын негіздеп, дәлел келтірмеді.

«Мысал ретінде континентальды империяларды қарастырайық. Олар күйрегеннен кейін қайта құрылып, керісінше, одан әрі күшейе түсті. Ресей — континентальды империяның классикалық мысалы»,—деді депутат.

Вассерман Кеңес Одағының қайта құрылуы 2025 жылы немесе алдағы жылдары мүмкін болады деп санайды.

Бұған дейін Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев КСРО-ны бұрынғы күйінде қалпына келтіру мүмкін емес деген болатын.

Пікірлер