"Түрікмен әуе жолдары" Мәскеу бағытындағы рейстерін бір айға тоқтатты

1982
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/f394e169-0e07-4a17-ba5a-da12fc44a0b6-960x500.jpeg?token=072992583cd1d18d8644238c315d5b90
"Түрікмен әуе жолдары" әуе компаниясы Мәскеуге рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Әуе рейстері бір айға тоқтатылды.
"Түрікменстан әуе компаниясы Ашхабад - Мәскеу - Ашхабад бағыты бойынша тұрақты рейстер 2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін тоқтатылғанын хабарлайды", - делінген компания таратқан мәлімдемеде.
Тоқтатылған рейстерге алынған билеттердің ақшасы жолаушыларға толық көлемде қайтарылады. Осыған дейін Qazaq Air әуе компаниясы 2024 жылдың 28 желтоқсанынан 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін Астана - Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтататынын мәлімдеген.
"Рейстерді тоқтату Ресейге ұшудың тұрақты қауіп-қатер бағасын ескере отырып, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Әуе компания Омск және Новосибирск қалаларына ұшуларын жалғастырады, себебі олар қазіргі уақытта QAZAQ AIR қауіп-қатер бағалауының критерийлеріне сәйкес келеді. Екатеринбургке ұшуларды қайта бастау қауіп-қатер бағалауының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады", - деп хабарлаған еді компания.
Пікірлер