Қазақстандық жас шахматшы халықаралық турнирде жеңіске жетті

174
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JNuQ2qHuAITTRB2AC5qQ8i3zz1bLP0grQv5NeFRs.webp

Ашхабадта рапид және блиц бойынша балалар арасындағы халықаралық Kids EXPO Chess Cup 2026 шахмат турнирі аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жарыс 19-20 тамыз күндері Түрікменстандағы «Kids EXPO: бәрі балалар үшін» халықаралық көрме-жәрмеңкесі аясында өтті. Турнирге 8, 10 және 12 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар қатысты. Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Закария Амиров көрсетті. 8 жасқа дейінгі балалар арасында сынға түскен қазақстандық шахматшы рапид бойынша жеті мүмкін ұпайдың алтауын жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Ал Күмісбай Ақниет қоланы қанжығалады.

Сондай-ақ Закария Амиров мен Ақниет Күмісбай блиц сайысында үшінші орын алып, қола жүлдеге ие болды. 

Қазақстандық жас шахматшылар Ашхабадтағы халықаралық турнирді бір алтын және үш қола медальмен қорытындылады.

Пікірлер