«Жақсылық шыршасы» NIS мектебінде өтті

4560
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде инклюзивті жаңа жылдық шырша өтті. Мерекеге «Айналайын» балалар үйінің, нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, «Жетісу облысы мүгедектерінің облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Шымыр ауылының М.Мәметова атындағы мектеп оқушылары қатысты. Бұл керемет іс-шара NIS ата-аналар қолдауымен мектептегі өзін-өзі басқару ұйымымен ұйымдастырылды.

100 бала үшін іс-шара сиқыр мен қуаныш атмосферасына толы болды. Оларды қолдауға ата-аналар, тәлімгерлер, кураторлар келді. Шыршада ертегі кейіпкерлері, музыканттар, сондай-ақ Аяз Ата мен Ақшақар өнер көрсетті.

Талдықорғандық NIS – те 13 жыл бойы қоғамға қызмет ету бойынша бірқатар әлеуметтік жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Жобалар барысында Зияткерлік мектеп оқушылары балаларға ағылшын және қазақ тілдерін үйретеді.

Жыл сайын ата-анамыздың қолдауымен біз тәрбиеленушілерімізге әлеуметтік жобалар бойынша «Жақсылық шыршасын өткіземіз». Бұл жолы біз 137 жаңа жылдық сыйлық жинадық. Сонымен қатар, оқушылар  Аналар үйін, балалар үйін және «Бәйтерек» оңалту орталығын құттықтады, — деп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шынар Базилбекова өз пікірін білдірді.

Мерекелік іс-шараның жұлдыздары - есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың қыздары өз өнерлерін көрсетті. Олар жарқын би нөмірімен қонақтарды таң қалдырды.

 Біз бүгін өте қуаныштымыз, - деп бөлісті қатысушылардың бірі. - Бұл өте қызықты іс-шара болды және біз көптеген достар таба алдық!

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер