Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың аман қалған 14 жолаушысы Әзербайжанға жөнелтілді

345
Adyrna.kz Telegram

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL («Әзербайжан әуе жолдары» ЖАҚ) әуе компаниясының ұшағынан аман қалған 14 жолаушы Әзербайжанға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның ішінде бір бала, арнайы рейспен Әзербайжанға жетті.

APA агенттігінің мәліметінше, зардап шеккендерді Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағы дәрігерлер бригадасының бақылауымен жеткізеді.

Сонымен қатар, Азертадж агенттігі хабарлағандай, апаттан аман қалған 12 жолаушының жағдайына байланысты әртүрлі шаралар қолданылуда.

Агенттіктің хабарламасында:

"Денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланған 7 адам тұрақты рейспен жеткізіледі. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланған 5 жолаушы арнайы медициналық ұшақпен жіберіледі", - делінген.

Айта кетейік, ұшақ апатынан жалғыз аман қалған экипаж мүшесінің есін жиғаны айтылды.

Пікірлер