Тасжолдағы апат. Төрт адам қаза тапты

158
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6HegS3anmcSsOjIga8cDLZrlmxkQu4OZwpkER8MD.webp

Маңғыстау облысында Ақтау–Бейнеу тасжолында екі Toyota Camry көлігі соқтығысып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Тағы төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты 16 қыркүйек күні сағат 20:30 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе ауылы бағытында келе жатқан Toyota Camry жолда жүрген түйені қағып кеткен. Соққыдан кейін көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып, қарсы келе жатқан екінші Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан төрт адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам медициналық көмекке жүгінді.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының мәліметінше, үш зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. 1986 жылы туған науқасқа бас миының ошақты жарақаты, ал 2004 жылы туған пациентке бірнеше дене жарақаты диагнозы қойылған. Екеуі де жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

1996 жылы туған тағы бір зардап шегуші бірнеше дене жарақатымен травматология бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар жолға шыққан түйенің иесі іздестірілуде.

Пікірлер