"Еуропаның соңғы жалғыз диктаторы". Лукашенко жетінші рет президент сайлауына түспек

271
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 23 желтоқсанда Беларусь орталық сайлау комиссиясы 2025 жылы қаңтарда өтетін президент сайлауына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бастамашыл топтар ОСК-ға құжаттарын ретімен тапсырды. Олардың қатарында 5кандидат, атап айтсақ, Сергей Сыранков, Александр Хижняк, Олег Гайдукевич, Анна Канопацка мен Алекстандр Лукашенко бар.

Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат 2025 жылы 1 қаңтарда басталып, 25 қаңтарда аяқталады. Ал президент сайлауы 26 қаңтарда өтпек. Ел заңына сәйкес, басшыны дауыс беру құқығына ие азаматтар бес жылға сайлайды.

Айта кетейік, Александр Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарады. Ол өзін жетінші рет президент сайлауына үміткер ретінде тіркеп отыр. Лукашенконың халықаралық ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында "Мен - Еуропаның соңғы жалғыз диктаторымын" деген сөзі кең тарап кеткен.

Пікірлер