Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша алғашқы тыңдалым қашан өтетіні айтылды

253
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rg.ru
Сурет: rg.ru

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге импичмент жариялау бойынша алғашқы тыңдалым 27 желтоқсан күні өтеді. Бұл туралы Yonhap жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, президент алдын ала тыңдауға қатысуға міндеттелмейді.

Қазіргі таңда бұл іс бойынша полиция, қорғаныс министрлігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінен құралған бірлескен тергеушілер тобы құрылды. Егер сот президентті биліктен кетіру туралы шешім қабылдаса, онда 60 күн ішінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу қажет болады.

Айта кетейік, 14 желтоқсан күні дауыс беру кезінде парламент Юн Сок Ельге импичмент жариялауды қолдаған болатын.

Пікірлер