Қостанай облысы прокуратурасының жеке қауіпсіздік басқармасы Арқалық қаласы прокурорының орынбасарына қатысты тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша қала прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Наша Газета-ға сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Қостанай облысы прокуратурасы растады.
"2024 жылғы 26 қарашада жүргізілген тексеру нәтижесінде Кенжегарин прокуратура органдарынан босатылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Аталған қызметкер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Әдеп кодексінің 7-бабының 1-ші және 6-шы тармақтарының талаптарын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды. Оның қызметтік іс-әрекетінде азаматтар тарапынан дұрыс бағаланбауына байланысты қызметкердің, сондай-ақ тұтастай прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлыққа жол берілген", - деді Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов.
Қызметтік тергеу құпиясына байланысты экс-прокурордың нақты қандай қателік жібергені туралы мәлімет ашылмады.