Өскеменде жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

1082
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

12 қарашадан бері із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың денесі Үлбі өзенінің жағасынан табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің мәліметінше қыздың денесі 13 желтоқсан күні табылған.

"13 желтоқсан күні Өскемен қаласындағы Протозанов көшесінде орналасқан Үлбі  өзені жағасында полиция қызметкерлері бұрын із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Анель Ерiктің денесін тапты. Денесінде көзге көрінетін жарақат белгілері жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қыз 12 қарашада таңғы сағат 08:00 шамасында "Металлург" саябағы маңындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген, жақындарымен байланысқа шықпаған. Жоғалған кезде ол жасыл толстовка, қара етік, шалбар және футболка киген болатын.

Бұл қайғылы оқиғаға қатысты қосымша ақпарат тергеу нәтижесінде анықталады.

Пікірлер