Перизат Қайраттың мүліктері тәркіленді

258
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram/01pk
Фото: instagram/01pk

Қаржылық мониторинг агенттігі Biz Birgemiz қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу барысында тәркіленген дүние-мүлік туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), "Sensata Plaza" ТК, сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері тәркіленді.

Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді” делінген хабарламада.

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылған.

Агенттік Перизат Қайратқа тиесілі қаражаттың, жылжымайтын мүліктің және басқа да мүліктің орналасқан жері туралы ақпаратты білген адамдарды арнайы номерге: +7 (7172) 70-84-78, 70-84-79 (қосымша нөмірі: 21384) хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетейік,  Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеліп жатыр.

16 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайрат Палестинаға деп ақша жинап, тағы 200 млн теңге жымқырғанын растадған болатын.

Пікірлер