Halyk еліміздің 6 өңірінде журналистерге семинар-тренинг өткізді

849
Adyrna.kz Telegram

Биыл Halyk еліміздің 6 өңірінде қазақтілді журналистерге арналған семинар-тренингтер мен вебинарлар өткізді. Тренингтердің мақсаты – өңірлік журналистердің қаржылық сауатын арттыру. Тренингтер Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау қалаларында өткен болатын.

Бұл жоба арқылы банк бірінші кезекте өңірлік БАҚ өкілдерінің қаржылық сауаттылығын арттыруды мақсат етеді. Осындай іс-шара арқылы банк журналистермен сенім және жақсы қарым-қатынас орнайды деген үмітте.

«Егер сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді ешкімге айтпай, оған сақ болсаңыз банктегі қаражатыңыз, картаныздағы ақшаңыз 100 пайыз сенімді қолда болады. Қаржылық сауаттылық бойынша семинар-тренингтеріміздің мақсаты – халыққа осы қағиданы, осы ұстанымды жеткізу. Оны күнделікті өмірімізде, тұрмысымызда қолдану», - дейді Halyk Маңғыстау облысы филиалының директоры Сейдахмет Нұрлыбек.

Ресми деректерге сүйенсек, жыл басынан бері 10 000-нан аса интернет алаяқтық тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 4 есеге көп екен. Осыған байланысты банк клиенттердің алаяқтарға алданбауы үшін барынша күш салып, алаяқтық, қаржылық сауаттылық сияқты мәселелерді қамтуға бағытталған бірқатар семинарларды өткізді. Банктегілердің айтуынша, олар қазақстандықтарды алаяқтардан қорғап, журналистер арқылы олардың қаржылық сауатын арттырғысы келеді.

Банк үшін ең бастысы – клиенттердің қауіпсіздігі және олардың банкке деген сенімі. Айта кетейік, келесі жылы да басқа өңірлерде қаржылық сауаттылық бойынша семинар-тренингтер өткізу жоспарда бар.

Пікірлер