Банктер мен бизнес қолма-қол ақшасыз төлеуді жеңілдету үшін төлем инфрақұрылымын қалай дамытып жатыр?

773
Adyrna.kz Telegram

Ыңғайлы төлем: ForteBank-тің жаңа бизнес шешімдері

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем жасау қарқынды түрде дамып келеді. 2024 жылдың қазан айының соңына қарай айналымда 80,6 миллион төлем картасы болған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішкен 9,7%-ға көп. Оның ішінде 40,5 млн карта белсенді пайдаланылған. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

Елімізде қазақстандық және шетелдік эмитенттердің карталары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі де өсуде. Көрсеткіш он айда 132,4 триллион теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,5%-ға артық. Төлем карталары арқылы ақша айналымының жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі қазірдің өзінде 86,5%-ға жетті.

«Қолма-қол ақшасыз транзакциялар саны 10,4 млрд-қа жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға өсті. Төлем карталары бойынша барлық транзакциядан қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі 98,1% құрады. Бұл — рекордтық көрсеткіш»,—деп жазады Ranking.

Бұл ретте картамен есептесетін сауда компанияларының қатары да артып келеді. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша олардың саны 1,1 миллионнан асып, бір жыл ішінде 22,7 пайызға өсті. Ал бұл компаниялардан қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдайтын құрылғылар саны 1,3 миллионға жетіп, бірден 32,3 пайызға өсті.

Осылайша, Қазақстандағы эквайринг қызметтері барған сайын сұранысқа ие болып, танымал бола түсуде. Айта кетейік, эквайринг – бұл бизнеске POS-терминалдар арқылы немесе онлайн режимінде төлемдерді қабылдауға мүмкіндік беретін банктік карталар арқылы төлемдерді қабылдау процесі.

Бұл инфрақұрылымды дамыту үшін банктер жаңа өнімдерді енгізіп жатыр, олар клиенттерге де, кәсіпкерлерге де ыңғайлы. Мысалы, ForteBank жаңа POS-терминалдарын және мобильді қосымша FortePOS-ты ұсынады. Бұл қосымша қарапайым Android смартфонын мобильді терминалға айналдырып, карталармен төлем қабылдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ApplePay, SamsungPay және GooglePay арқылы да төлемдер қабылдауға болады. Терминалдар кассалық жүйелермен, төлемдердің фискализациясымен біріктірілген және клиенттер үшін қолжетімді тарифтерді ұсынады. Жеке кәсіпкерлер үшін ForteBank карталарымен төлемдерге 0,5%, басқа банктердің карталарымен төлемдерге 0,8% мөлшерінде комиссия белгіленген, сондай-ақ заңды тұлғаларға да тиімді шарттар бар. Одан бөлек, ForteBank эквайринг бойынша қаражатты күн сайын, соның ішінде демалыс және мереке күндері де есептейді. Қызметтерге онлайн қосылуға болады. Өтінішті мобильді қосымша ForteBusiness арқылы немесе банк сайтына кіріп бере аласыз.

Бұл шешімдер шағын және орта бизнес пен жеке кәсіпкерлерге кеңінен қолжетімді және арнайы қымбат құралдарды талап етпейді. Олар, әсіресе, супермаркеттер, медициналық орталықтар, автосервистер, кафелер мен мейрамханалар, дәріханалар, білім беру саласы және басқа да кәсіпорындар үшін өте ыңғайлы.

ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.29/197/36 лицензиясы.

Пікірлер