Қазақстанда Иранмен және Сингапурмен еркін сауда туралы келісім ратификацияланды

575
Adyrna.kz Telegram
Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Палата төрағасы Ерлан Кошановтың төрағалығымен Иранмен және Сингапурмен еркін сауда туралы екі халықаралық келісім мақұлданды. Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Мәжіліс «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы» келісімді ратификациялады. Жалпы отырыста ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер мен Сингапур арасындағы Еркін сауда туралы келісім мен жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім де ратификацияланды», - делінген хабарда.

Иранмен жасалған келісім тауар номенклатурасының 90 пайызға жуығы бойынша бажсыз сауданы қарастырады. Иран тарапы көптеген тауарларға қатысты нөлдік баждарды қолдануға және саудаға шектеу қоймауға міндеттеме алады. Дегенмен, Ираннан ерекшеленген тауарларды әкелу кезінде импорттық кедендік баждар сақталады.

Сонымен қатар, Сингапурмен жасалған келісім ерекшеленген тауарларды қоспағанда, тауарлармен бажсыз сауда режимін орната отырып, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға негіз болмақ.

Пікірлер