Ресейдің Томск облысы билігінің қазақ тілді мектеп салудан бас тартуы туралы ақпарат БАҚ беттерінде тарауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Caravan.kz сайтына сілтеп.
Бұған дейін Ресейде Астрахань, Омск және Орынбор қалаларында қазақ тілінде білім беретін мектептер салынатыны белгілі болған еді. Бұл қалаларда этникалық қазақтар тұрады. Сонымен қатар, Томск қаласы да аталған болатын, бірақ Томск облысының білім департаменті бұл мәселе әлі күнге дейін күн тәртібінде жоқ екенін мәлімдеді. Өкілдер, бұл ұсыныс тек қазақ диаспорасының бастамасымен ғана қаралуы мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, Астрахань облысы әкімшілігі Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтып, Қазақстанды стратегиялық серіктес деп атады.
Білім министрі Ғани Бейсембаев жағдайды түсіндіріп, мектептерді салу – көп кезеңді процесс екенін, оған келіссөздер, орын таңдау, қаржыландыру және құрылыс кіретінін атап өтті.
«Мен бұған дейін айтқанымдай, осы өңірлер бойынша мәселе қарастырылуда – бұл толыққанды келіссөз процесі. Қалалар шамамен таңдалды. Келесі кезең – нақты орын таңдау, мұнда қазақтілді халықтың санына баса назар аударылады. Қалалар мен құрылыс орындарын таңдау бойынша екі тарап та жұмыс жүргізуде. Алда әлі көп жұмыс бар: орын анықтап, тиісті келісімшартқа қол қою, қаржыландыру және мектеп құрылысы мәселелерін шешу. Бірақ шешім қабылданды және тиісті жұмыс жүргізілуде», – деді ол.
Ресейлік әріптестер тарапынан қызығушылықтың жетіспеушілігін сезінген-сезінбегені туралы сұраққа Бейсембаев: «Біз сол тараппен байланысқа шыққанда, мұндай жағдайды сезінген жоқпын, сондықтан жұмыс жалғасып жатыр», деп айтты.