«Ресейде Құдай ауысты». Отандық журналист соғыс салдарын айтып берді

3150
Adyrna.kz Telegram
Фото: EPA / ТАСС
Фото: EPA / ТАСС

Ресейлік журналист, Нобель сыйлығының иегері  Дмитрий Муратов Германияда өткен Global Media Forum конференциясында Ресей мен Украина арасындағы соғыстың салдарын айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның айтуынша, Ресей мен Украина енді ешқашан бауырлас халық бола алмайды.

Ресейде «соғыс» сөзіне тыйым салынғандықтан және «тозақ» сөзін айтуға әлі де рұқсат етілгендіктен, мен «тозақ» сөзін қолданамын. Арнайы әскери операция жалғасып жатыр. Алайда оның нәтижесі қазірдің өзінде түсінікті. Мен сіздерге соның салдарын айтайын.  Украина мен Ресей енді ешқашан бірге болмайды, енді ешқашан бауырлас халық болмайды, әсіресе бірі өзін аға санап отырса, - дейді Дмитрий Муратов.

Сондай-ақ, ол Ресейде ірі географиялық жаңалық бар, яғни Ресей үшін енді Еуропаға жол жабылғаныны айтты.

Ресейде Құдай ауысты, ресейлік православие шіркеуі арнайы әскери операцияны қолдап, өлімді насихаттай бастады. Отан үшін өмір емес, Отан үшін өлім – бұл жаңа дін. Шіркеу қызметкері ұлынан айырылған аналардың неліктен жылайтынын былай түсіндіреді. Протоиерей Васильев: «Егер сіз контрацептивтерді қолданбасаңыз, көп бала туар едіңіз, сізде жалғыз бала болмас еді, содан кейін онымен қоштасу соншалықты қорқынышты болмас еді» дейді. Бұл теледидардан айтылды. Міне, тағы бір теріс нәтиже, - дейді журналист.

Журналистің сөзіне сүйенсек, Ресейді соғыс басталғалы бейбітшілікті жақтағандарға қатысты 20 мың іс ашылған. Тіпті Парламентте бейбітшілікті жақтайтын бірде-бір депутат жоқ көрінеді.

Неліктен олар бүлік шығармайды? Барлық орыс құл ма? Мен бұл сұрақтан қашпаймын, сұраққа сұрақпен жауап беремін. Қайда айту керек? Қайда наразылық білдіруге болады? Митингке тыйым салынған. 600 саяси тұтқын түрмеде отыр. Бейбітшілікті жақтағандарға қатысты 20 мың іс ашылды. 300 тәуелсіз медиа жабылды. Парламентте бейбітшілікті жақтайтын бірде-бір депутат жоқ. Қамауда отырған адамдарға құрмет көрсетіп, жанашырлық танытып, көмектесуіміз керек, - деді Дмитрий Муратов.

Пікірлер