Ресейде қазақ мектептері қашан салынады? Бұл сұраққа Үкіметте баспасөз мәслихатын өткізген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Басты мақсат — қазақ бауырларымыз көп шоғырланған жерлерде мектеп соғу. Бұл біршама уақыт алады. Өйткені келісімшартқа қол қою, одан кейін оның қаржысын шешу, ол мектептің құрылысын, қандай болатынын анықтау біршама уақытты қажет етеді», — деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның оңтүстік аймақтарында орыс мектептері ашылатынын бірнеше рет айтты. Ол Ресейде ашылатын қазақ мектептері туралы мүлдем сөз қозғамады.