Бүгін Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында «KKC-Sicim» ЖШС жұмысшылары наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Олар басшылықтан жалақыны 50%-ға дейін көтеруді талап етіп отыр. Айтуларынша, қазіргі еңбекақылары 250 мың теңгені құрайды.
«Вахталық негізде 28 күн жұмыс істеп, 14 күн демаламыз. Жалақымыз дымға жетпейді. Бәрі күннен-күнге қымбаттап жатыр»,—дейді кәсіпорын қызметкерлері.
< Бейнежазба "Уральская неделя" порталынан алынды.