Әуе компаниялары рейсті кешіктіргені үшін айыппұл төлейді - Бақытжан Базарбек

269
Adyrna.kz Telegram
Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әуе қызметін пайдаланатын жолаушылардың құқықтарын қорғау үшін жаңа құқықтық тетіктер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

Депутатқа журналистер Air Astana әуе компаниясының 12 жастағы қыздың отбасына өтемақы төлеу туралы сот шешіміне апелляция бергеніне қатысты сұрақ қойды. Депутаттың айтуынша, әуе компаниясы сот шешіміне шағымдануға құқылы.

Еске сала кетейік, 12 жастағы қызды ұшаққа мінгізбей, Астана әуежайында жалғыз қалдырғаны үшін сот Air Astana әуе компаниясына өыздың отбасына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеген еді.

"Қазір рейстердің кешігуі үшін барлық әуе компанияларына айыппұл салу механизмдерін әзірлеп жатырмыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында біз әуе компаниялары мен әуежай басшылықтарын тексеру және шағымдарды қарау механизмдерін дайындаудамыз", – деді депутат.

Пікірлер