Бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті. Алматы облысында жол апаты болды

1026
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында жол апаты болып, оқиға орнында бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы облысы Полиция департаментінің Instagram-аккаунтында Жамбыл ауданында орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасының мәліметтері жарияланды.

Апат 30 қараша күні Алматы-Бесмойнақ автожолының 77-шақырымында болған.

«Mercedes Benz жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Ford Focus көлігімен соқтығысты. Одан кейін инерциямен ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Ford Focus көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Оқиға бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.

Аймақ полициясы барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға және ҚР жол қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер