Бір адам қаза тауып, екеуі зардап шекті. Алматы облысында жол апаты болды

2191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44
Алматы облысында жол апаты болып, оқиға орнында бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Алматы облысы Полиция департаментінің Instagram-аккаунтында Жамбыл ауданында орын алған қайғылы жол-көлік оқиғасының мәліметтері жарияланды. Апат 30 қараша күні Алматы-Бесмойнақ автожолының 77-шақырымында болған. «Mercedes Benz жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Ford Focus көлігімен соқтығысты. Одан кейін инерциямен ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Ford Focus көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында. Оқиға бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде. Аймақ полициясы барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға және ҚР жол қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.
Комментарии
Другие материалы