Доллар неге күрт өсті? - Ұлттық банк төрағасы жауап берді

977
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлттық Банк
Фото: Ұлттық Банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағасының күрт өсуі мен нарықтағы жағдай бірқатар сыртқы және ішкі факторларға байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 500 теңге деңгейінен асып, биржалық саудада бір доллар 519,7 теңгеге жетіп, 512 теңге деңгейінде жабылды. Бұның түрлі себептері бар, оны жан-жақты талдау керек», — деді Сүлейменов

Оның сөзінше, доллар резервтік валюталарға қатысты нығаюда. Жапондық иен 5,5%-ға, фунт стерлинг 5,2%-ға, еуро 4,5%-ға әлсіреді. Осы кезеңде теңге 6,6%-ға төмендеді, бұл экономикамыздың мұнай өндіруге көбірек тәуелді.

«Жоғары құбылмалылық ықтимал жеткізілімнің көптігі, АҚШ-тың мұнай жеткізілімдерінің ұлғаюы және Американың жаңа басшылығының басқа да экономикалық шаралары туралы күту жағдайында жалғасуда», - деді төраға.

Ел ішінде долларға сұраныс 500 теңгелік межеден өткеннен кейін күрт өсті. Соңғы күндердегі биржалық сауда көлемі орташадан екі-үш есе асып түскен.

«Қабылданған шаралар айырбас бағамының күрт ауытқуын реттеуге және нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Қазір доллар 507 теңгеден сатылып жатыр», – деп қорытындылады Ұлттық банк басшысы

Пікірлер