Қазақстан тағы 270 миллиард теңге қарыз алады

166
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қайта құру және даму жөніндегі халықаралық банк Қазақстанға 11 жылға қарыз береді. Бұл туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары қарауға қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның айтуынша, Қазақстан мен Қайта құру және даму жөніндегі халықаралық банк арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Үкіметтің 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен енгізілген. Келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған.

"Қайта құру және даму жөніндегі халықаралық банктің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 миллиард иен (шамамен 270,8 миллиард теңге) сомасында 11 жыл мерзімге беріледі. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттің бекітілген тапшылығын қаржыландыруға жұмсалады", – деді Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды дайындайды.

Пікірлер