Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды

143
Adyrna.kz Telegram

20 қараша күні Астана уақытымен 03:53-те Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 689 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның ИГІ ҰЯО Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,6-ға тең болған.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, жер сілкінісі Қазақстан аумағында сезілмеген.

Бұған дейін 5 қараша күні Алматы облысы мен Алматы қаласында 3 баллдық жер сілкінісі тіркелгені туралы жазған едік.

Пікірлер