Тас жолдағы көлікте жарылыс болып, екі адам қаза тапты

164
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолда жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция департаменті.

Оқиға Өскемен-Самара тас жолының 75-ші шақырымында болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға VOLVO жүк көлігінің қатысуымен болған.

Жүк көлігімен тасымалданған заттың жарылуы салдарынан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Пікірлер