Балалар жарысқа бара жатқан. Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам мерт болды

1418
Adyrna.kz Telegram

7 тамыз күні, Ақтөбе облысы, Самара-Шымкент автожолының 862-шақырымында жол-көлік апаты орын алды. Салдарынан 8 адам қаза болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Апат салдарынан 8 адам мерт болды, оның бесеуі – бала.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде тергеу іс-шаралары жалғасуда.

«Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылындағы мектепте оқитын оқушылар жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол турниріне қатысу үшін Маңғыстау облысына жолға шыққан. Бұл турнир Білім немесе Спорт басқармасының кестесінде жоқ. Алайда ата-аналар сенімхат жазып берген. Соның негізінде және кейбір ата-аналар балаларының қасында, жаттықтырушысымен бірге полицияның сүйемелдеуінсіз сапарға аттанған. Яғни, балаларды тасымалдау ережесі сақталмаған. Ең алдымен қаза болған балалардың ата-аналарына, тума-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», - деп мәлімдеді ПД.

Пікірлер