«Көбін теріс істейміз». Шығыстағы жолды жауында жөндеп жатыр

954
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Алғабас ауылына апартын жолды жауында жөндеп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы депутат Дәулет Мұқаев инстаграм әлеуметтік желісінде бөлісті.

«Біз неге дамымаймыз? Себебі көп нәрсені теріс істейміз. Үй саламыз, артынша жол саламыз. Сосын оны бұзып, жол астына құбыр, кабель саламыз. Ақша жоқ емес, бөлінуі бөлінеді-ау. Бірақ соны дұрыс басқара алмаған соң, талаң-таражға түсіп, соңында қарапайым халық опық жейді. Одан кейін қалған ақшамен боран болсын, жаңбыр болсын, ештеңеге қарамай әйтеуір, жолды тез-тез бітіру керек болады. Видеода ШҚО, Күршім ауданы, Алғабас ауылына барар жол. Міне, соның айқын мысалы осы. Бөлінген ақша жоғарыдан ауылға жеткенше, дөкейлердің уысына түскенше, 20 сантиметрлік асфальт 15 болады, 15 см асфальт 7-8 см болады» - деп жазды депутат.

Видеоны жіберген Алғабас ауылының тұрғындары сапасыз жол салынып жатқанын айтып, Дәулет Мұқаевқа хат жолдаған.

«Бүгін 29 қазан, бұл 7 км жолдың жөндеу жұмысы.  Мердігер жұмысын бастағаннан бері ауыл халқы күнде ескертумен келеді ЖКХ мекемесінде аудандық басында тұрып шақырды келмеді, тексеруші орган келмейді, ешкім бақылауға алмайды, ауылдық әкім келіп ескерту жасайды бірақ оны тыңдамайды. Күршім ауданы мен Алғабас ауылының арасы 10 км осыдан 4-5 жыл бірінші салынған асфальт жолдың қалыңдығы не бәрі 1.5 см осыны тексерген  облыстық антикор, лаборатория келіп алған анализден де сапасыз нәтиже шыққан. Бірақ мердігерге ешқандай шара қолданған жоқ» - дейді ауыл тұрғындары.

 

 

Пікірлер