Қазақстан такси бағасы жағынан Оңтүстік Кореяны басып озды

1086
Adyrna.kz Telegram
Сурет: istockphoto.com
Сурет: istockphoto.com

Қазақстандағы такси бағасы Беларусь және Ресей елдерімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі LS-ке сілтеме жасап.

6 қарашадағы стандартты тариф бойынша жолдың 1 км бағасы ел бойынша орташа есеппен 310 теңгені құрайды. Алматыда такси құны 1 км үшін 325 теңге болса, Астанада — 250 теңге.

Numbeo платформасындағы ақпаратқа сүйенсек, Ресей (149,5 теңге) мен Беларусьте (149,8 теңге) такси қызметі екі есе арзан.  Өзбекстан тұрғындары такси үшін 147 теңге, ал Украина 141,8 теңге төлейді.

Қытайда сапар құны сәл жоғары (170,8 теңге), бірақ Қазақстанмен салыстырғанда төмен. Оңтүстік Кореяда 1 км такси үшін 279,6 теңге төлеу керек.

Түркия (327,7 теңге), БАӘ (333,8 теңге) сынды елдерде такси бағасы әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ 1 км сапар құны Ұлыбританияда орташа есеппен - 780 теңгеге, АҚШ-та - 841 теңгеге, Нигерияда - 947,5 теңгеге, ал Жапонияда 1,4 мың теңгеге бағаланады.

Айта кетейік, қазіргі таңда ең қымбат такси тарифтері Швейцария (2,1 мың теңге) мен Бахрейнде (2,4 мың теңге).

Пікірлер