Бас қалада бір күнде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен.
"Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада ауа райы нашарлап, қатты жел соққан. Боран болып, шатыр, ойын алаңшаларындағы отырғыштарды ұшырып кеткен.