Астанадағы өрт. Бүлінген пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме?

1253
Adyrna.kz Telegram

Астанада өрт салдарынан бүлінген пәтерлер бюджет есебінен жөнделе ме? Бұл сұраққа әкімдік жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

22 маусымда өрт шыққан "Rixos Khan Shatyr Residences" ТК қатысты әкімдік құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

"Өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді. Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 22 маусым күні сағат 15:00 шамасында Астанада көпқабатты тұрғын үйден алапат өрт шыққан болатын. Өрттің жалпы аумағы 250 шаршы метр болды. Құтқарушылар 12 адамды, оның ішінде жеті баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің алдын ала себебі - отпен жұмыс кезіндегі абайсыздық немесе аз калориялы от көзі. Жалын екінші қабаттан 27-ші қабатқа дейінгі тұрғын үй кешенінің сыртқы жабындары мен оқшаулауын шарпыған.

 

Пікірлер