Астанада 100-ден астам жол апаты тіркелді

2460
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44
Бас қалада бір күнде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен.
"Өткен тәулікте елордада 110 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жүргізушілерден өте мұқият болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды және автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін жерде жылдамдықты алдын ала төмендетуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада ауа райы нашарлап, қатты жел соққан. Боран болып, шатыр, ойын алаңшаларындағы отырғыштарды ұшырып кеткен.
Yorumlar
Diğer Haberler