Харристі қолдаған АҚШ-тың бұрынғы президенті Трампты құттықтады

1570
Adyrna.kz Telegram
Фото: Chip Somodevilla/Getty Images)
Фото: Chip Somodevilla/Getty Images)

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама республикашыл Дональд Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы AFP агенттігі 7 қарашаға қараған түні хабарлады.

Обама сайлау науқаны кезінде Демократиялық партия атынан кандидат болған Камала Харриске қолдау көрсеткен болатын. Экс-президент өз сөзінде:

«Әрине, бұл біз күткен нәтиже емес. Бірақ демократия жағдайында өмір сүру әрқашан біздің көзқарасымыз жеңе бермейтінін мойындауды және билікті бейбіт жолмен тапсыруға дайын болуды талап етеді», – деді экс-президент Барак Обама.

Обама АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Камала Харрис пен оның вице-президент қызметіне үміткер серіктесі Тим Уолцты «мемлекетке ерекше қызмет еткен керемет тұлғалар» деп атаған.

Айта кетейік, Харрис президент болып сайланған Трампты құттықтаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер