АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама республикашыл Дональд Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы AFP агенттігі 7 қарашаға қараған түні хабарлады.
Обама сайлау науқаны кезінде Демократиялық партия атынан кандидат болған Камала Харриске қолдау көрсеткен болатын. Экс-президент өз сөзінде:
«Әрине, бұл біз күткен нәтиже емес. Бірақ демократия жағдайында өмір сүру әрқашан біздің көзқарасымыз жеңе бермейтінін мойындауды және билікті бейбіт жолмен тапсыруға дайын болуды талап етеді», – деді экс-президент Барак Обама.Обама АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Камала Харрис пен оның вице-президент қызметіне үміткер серіктесі Тим Уолцты «мемлекетке ерекше қызмет еткен керемет тұлғалар» деп атаған. Айта кетейік, Харрис президент болып сайланған Трампты құттықтаған болатын.
Related news
"Those who have not been vaccinated will not be allowed to work": a new decree of the Chief Sanitary Inspector has been issued