Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

465
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін,– деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапқан еді. Осыған байланысты Сербия билігі 2 қарашаны аза тұту күні  деп жариялады.

Пікірлер