14 адам қаза тапты. Сербияда аза тұту күні жарияланды

1480
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/foto-vvs.jpg
Бүгін Сербияда аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. ВВС мәліметінше, халқы ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты.
"Бұл соңғы сан деп үміттенеміз, 14 адам көз жұмды. Біз олардың ішінде бес адамды анықтай алмадық", - деді Вучич қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң.
Апат салдарынан 14 адам қаза тапқан, үш адам жарақат алған. Вокзал ғимараты 2021 жылы қайта жөндеуден өткен. Алайда 5 шілдеде ресми ашылуы үшін биыл тағы жөндеуден өткен болып шықты. Сербия билігі сенбі аза тұту күн деп жариялады.
Комментарии