ДИАС НҰРАҚЫН: ТикТок басшысы бар байлығымызды смартфон арқылы соруда

1156
Adyrna.kz Telegram

Тик-токтың қожайыны Қытайдағы ең бай адам атаныпты. Чжан Иминнің  дәулеті 50 млрд долларға жеткен. Оның шіріген бай болуына біздің қазақтар да бір кісідей атсалысуда.

Өйткені Мұрат Әбілда мен Сампо, Мапох пен Жәпөк дегендердің тікелей эфирдегі батлына біздің бассыздар арыстан, арғымақ сияқты қып-қызыл ақша тұратын стикерлер сыйлайды. Ал, түскен ақшаның 40 пайызын тик-ток ұстап қалады екен.

Демек қазақтың ақшасы Қытай асып жатыр деген сөз. Ал, Яндекс арқылы Ресейге де біраз қаржымыз кетуде. Бұрын Бразилиядан қант, Аустралиядан қой етін алып, ақшамыз сыртқа ағылып жатыр деп ағыл-тегіл болушы едік. Енді басы істейтін жұрттар бар байлығымызды смартфон арқылы соруда.

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Жылдам хабар алғызды-деп Ыбырай Алтынсарин атамыз біліп айтқан екен ғой. Біз Екатерина II мен Ванга әжейге таңқалып жүрсек…

Диас Нұрақын

Facebook парақшасынан

Пікірлер