32 адамды алдаған алаяқ ұсталды

1016
Adyrna.kz Telegram

«Коlesа.kz» қосымшасында автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған азаматша ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жәбірленушілерге автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде берген. Қылмыстық ниеттерін жасыру мақсатында оларға банктік деректемелер мен жалған сатып алу шарттарын жіберіп, ақша қаражатын алған. Кейін телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан. Осылайша, сотталушы 32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Оның кінәсі толық дәлелденіп, сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Пікірлер