Испаниядағы су тасқыны. СІМ мәлімдеме жасады

916
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Айбек Смадияровтың сөзінше Испанияда зардап шеккендердің арасында ел азаматтары жоқ.

«Испания билігінің алдын ала берген мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ», – делінген СІМ өкілінің жауабында.

Еске сала кетейік, Испанияда 29 қазан күні нөсер жаңбыр басталды. Салдарынан өзендер арнасынан шығып, елдімекендерді тасқын су басты. Қаза тапқандар саны артып жатыр.

Пікірлер